Сәулет мектебі

Мектеп тарихы

Сәулет мектебі 1966 жылы Қазақ политехникалық институтында қала құрылысы және сызба геометрия кафедралары негізінде құрылды. Сәулет мамандығына студенттерді алғаш қабылдау 1961 жылы болды.

Қазақстан сәулет мектебінің негізін қалаушы – қазақтың тұңғыш ғалым-сәулетшісі, Ленинград сәулет мектебінің түлегі Төлеу Бәсенов.

Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет-құрылыс академиясының корреспондент-мүшесі болды. Оның күш-жігерінің арқасында ҚазПТИ жанынан сәулетші кадрларды дайындайтын орталық құрылды.

Білім беру бағдарламалары

Мектеп келесі оқу бағыттарын ұсынады:

Бакалавриат

6В07311
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті
Толығырақ
6В07312
Қала құрылысы
Толығырақ
6В07313
Ландшафттық сәулет
Толығырақ
6В07314
Тарихи-мәдени мұраны сақтау
Толығырақ

Магистратура

7М07311
Сәулет (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Толығырақ
7М07312
Сәулет (бейіндік бағыт)
Толығырақ

Докторантура

8D07311
Сәулет
Толығырақ

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқуға түсу үшін екі шығармашылық емтихан тапсыру қажет: сурет салу және сызу.

Сурет салу
Талапкер антикалық ордер капителін бейнелеуі тиіс (қисайған қалыпта). Жұмыс А3 форматындағы парақта 4 сағат ішінде орындалады. Сурет қарындашпен, сызықтар мен штрихтарды пайдалана отырып орындалады.
Сурет салуға қойылатын талаптар:

  • парақта бейненің дұрыс композициялық орналасуы;
  • капитель пішінінің дәл сызықтық-перспективалық берілуі;
  • конструктивті тұрғыда дұрыс салынуы;
  • пропорциялардың сақталуы;
  • пішіннің көлемін жеткізу үшін жарық пен көлеңкенің дұрыс берілуі.
    Өту балы: 5–тен 50–ге дейін.

Сызу
Талапкерге геометриялық дененің сызбасын А3 форматында 3 сағат ішінде орындау қажет. Тапсырма екі ортогональды проекция бойынша үшінші проекцияны салу, өлшемдерін белгілеу және тік бұрышты изометриялық проекцияны қимасымен бірге орындауды қамтиды.
Қажетті құралдар: қарындаштар (2H, 3H, HB, B), сызғыш, бұрыштық үлгілер (30°, 45°, 60°), циркуль, өлшегіш және өшіргіш.
Емтихан талапкердің кеңістіктік ойлау қабілеті мен сызба салу дағдыларын тексеруге бағытталған.
Өту балы: 5–тен 50–ге дейін.

Иә, ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі бар.
Ағылшын тіліндегі оқу тобын ашу үшін:

  • 20–25 студенттен құралған топ жиналуы қажет;

каникул кезінде ағылшын тілінде оқуға көшу туралы ұжымдық өтініш беру керек.
Сабақты отандық мамандармен қатар, Италия, Пәкістан және басқа елдерден шақырылған шетелдік оқытушылар да жүргізе алады. Бұл халықаралық деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етеді.

Студенттер әртүрлі деңгейдегі және ауқымдағы жобаларды орындайды:

  • Бастапқы курс студенттері — қолмен графика жасау арқылы базалық дағдыларын дамытады: шағын сәулеттік формалар мен оқу макеттерін жасайды.
  • Жоғары курс студенттері — AutoCAD, Revit, 3ds Max сияқты сандық бағдарламаларды қолдана отырып кәсіби жобалауға көшеді. Олар тұрғын үйлер, қоғамдық кеңістіктер, көпфункционалды тұрғын кешендері мен нақты учаскелерге арналған концептуалды шешімдер жасайды.

Бұл тәсіл жобалау бойынша көркемдік және техникалық дағдыларды кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік береді.



Мектептің байланыстары

+7 727 355 10 56

Пошта

prkazgasa@gmail.com

Мекенжайы:

Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28, Бас оқу корпусы, 523-кабинет.