құрылыс Мектебі
Мектеп тарихы
Мектептің құрылуы 50-жылдары Қазақ тау-кен-металлургия институтында, одан кейін В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында ең көне, елге ең қажетті мамандық болып табылатын құрылыс мамандарын даярлаудан басталды.
Білім беру бағдарламалары
Мектеп келесі оқу бағыттарын ұсынады:
Бакалавриат
6B07321
Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау
6В02122
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы (ЕСКЕРТУ: сайтта ОП шифры қате көрсетілген)
6В07327
Құрылыстағы ақпараттық технологиялар
6В07342
Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы
6B07351
Жылумен, газбен жабдықтау және желдету
6B07353
Су инжинирингі, жобалау және басқару
6В07373
Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау (қос дипломды бағдарлама)
Магистратура
7M07321
Құрылыс (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7М07323
Құрылыс (бейіндік бағыт)
7M07322
Инженерлік жүйелер мен желілер (ғылыми-педагогикалық бағыт)
7M02124
Инженерлік жүйелер мен желілер (бейіндік бағыт)
Докторантура
8D07321
Құрылыс
Жиі қойылатын сұрақтар
Тәжірибеден өту мүмкіндігі бар ма?
Иә, студенттер үшін тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған.
Өндірістік тәжірибемен студенттер екінші курстан бастап танысады — олар құрылыс саласындағы түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда тәжірибеден өте алады.
Академияда студенттің мамандығына сәйкес тәжірибе орнын таңдауға көмектесетін Тәжірибе және мансап орталығы жұмыс істейді.
Жоғары курс студенттері үшін тұрақты түрде вакансиялар жәрмеңкесі ұйымдастырылады, онда студенттер әлеуетті жұмыс берушілермен кездесіп, сұхбаттасудан өтіп, тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін таба алады.
Бұл студенттерге нақты жұмыс тәжірибесін жинақтап, оқу бітпей жатып кәсіби жолын бастауға мүмкіндік береді.
Оқуға түсу талаптары қандай?
Құрылыс саласындағы мамандықтарға түсу үшін:
- Физика және математика пәндерімен ҰБТ тапсыру қажет.
- Шекті баллды жинаған талапкерлер академияға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.
- Грантқа түсу үшін қажет:
– ҰБТ-дан жоғары балл жинау;
– Мемлекеттік гранттар байқауына қатысу.
ҰБТ-дан неғұрлым жоғары балл жинаған сайын, тегін оқуға түсу мүмкіндігі де артады.
Түлектердің болашағы қандай?
Құрылыс және технология бағыттарының түлектері кең кәсіби мүмкіндіктерге ие. Олар келесі салаларда жұмыс істей алады:
- Жобалау ұйымдарында – инженерлік және құрылымдық шешімдер әзірлеу;
- Құрылысты басқару саласында – құрылыс процестерін бақылау, мердігер және бас мердігер компанияларда жұмыс істеу;
- Мемлекеттік мекемелер мен жеке компанияларда – инженер, сәулетші, жоба менеджері және т.б. лауазымдарда.
Тәжірибеге бағытталған білім беру және заманауи бағдарламалар арқасында түлектер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және Қазақстанда да, шетелде де сұранысқа ие.
Мектептің байланыстары
+7 727 355 10 56
prkazgasa@gmail.com
Алматы қ., Рысқұлбеков көшесі, 28, Бас оқу корпусы, 304-кабинет.
