Қабылдау ережелері

Бұл бөлімнен сіз құжаттарды тапсыру процесі, талапкерлерге қойылатын талаптар және өтініш беру мерзімдері туралы толық ақпарат таба аласыз. Егер сұрақтарыңыз туындаса, біздің қабылдау комиссиямыз әрқашан көмектесуге дайын.

Шығармашылық
емтихандар

Мемлекеттік
гранттар

Оқу
ақысы

Қабылдаудың негізгі кезеңдері

01

Білім беру бағдарламаларымен танысыңыз:

Өзіңіздің қызығушылықтарыңыз бен мансаптық мақсаттарыңызға сәйкес мектеп пен білім беру бағдарламасын таңдаңыз.

02

Қажетті құжаттарды дайындаңыз:

-білім туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);
-ҰБТ сертификаты (электронды нұсқасы);
-білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлік (болған жағдайда, электронды нұсқасы);
-3*4 көлеміндегі фото (4 дана);
-жеке куәлік (2 дана көшірме);
-ата-ананың бірінің жеке куәлігі (18 жасқа толмағандар үшін – көшірме);
-әскерге тіркеу куәлігі/әскери билет (ұлдар үшін – көшірме);
-075/у нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа) + флюорография суреті (дәрігердің мөрі мен қорытындысымен);
-063/у анықтамасы немесе денсаулық паспорты (вакцинациялар туралы деректері бар беттердің көшірмелері).

Барлық құжаттар электронды тасымалдағышта (сканерленген нұсқада) болуы тиіс.

03

Қабылдау шығармашылық емтихандарынан өтіңіз:

Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініштерді қабылдау
25 маусымнан 6 шілдеге дейін

Шығармашылық емтихандар
7 шілдеден 15 шілдеге дейін

04

Өтініш беріңіз:

Мемлекеттік грант конкурсына қатысуға өтініш беру
13 шілдеден 20 шілдеге дейін

Түлектерді студенттер қатарына қабылдау
10 тамыздан 25 тамызға дейін

05

Қабылдау комиссиясының шешімін күтіңіз:

Нәтижелер ресми сайтта жарияланады немесе сіздің электронды поштаңызға жіберіледі.

Қабылдау емтихандары

«Сәулет» және «Дизайн» сияқты шығармашылық білім беру бағдарламалары үшін шығармашылық емтихандар тапсыру қажет.

Құжаттар қабылдау мерзімдері

  • Шығармашылық емтихан тапсыруға өтініштерді қабылдау
    25 маусымнан 6 шілдеге дейін
  • Шығармашылық емтихандар
    7 шілдеден 15 шілдеге дейін
  • Мемлекеттік грант конкурсына қатысуға өтініш беру
    13 шілдеден 20 шілдеге дейін
  • Түлектерді студенттер қатарына қабылдау
    10 тамыздан 25 тамызға дейін

Мемлекеттік гранттар мен шәкіртақылар

КазБСҚА жоғары академиялық жетістіктері бар талапкерлерге арналған түрлі гранттар мен шәкіртақылар ұсынады.

Жиі қойылатын сұрақтар

Скоро на сайт

Скоро на сайт

Скоро на сайт

Егер сұрақтарыңыз болса, қабылдау комиссиясымен хабарласыңыз.

+7 727 355 10 56

Пошта

Prkazgasa@gmail.com

Мекенжай

Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі, 28