Академия туралы
Ғылыми кеңес
Негізгі рөлі
KazGASA Ғылыми кеңесі – корпорацияны басқарудағы жоғары алқалық орган болып табылады. Ол даму тұжырымдамасын айқындап, KazGASA-ның құрылымын және негізгі қызмет бағыттарын бекітеді.
Ғылыми кеңестің негізгі функциялары
- Корпорацияның даму стратегиясын айқындау, оқу және ғылыми бөлімшелерді құру, қайта ұйымдастыру және тарату.
- Оқу, ғылыми, қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру мәселелерін қарастыру.
- Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерін және баспаға шығарылатын оқу материалдарын бекіту.
- Бюджеттен тыс қаражатты пайдалану мен ақылы қызметтерден түскен табысты бөлуге бақылау жасау.
- Құрметті атақтар, шәкіртақылар мен марапаттар беру туралы шешім қабылдау.
- Қызметкерлерді мемлекеттік наградаларға ұсыну мәселелерін қарастыру.
Кеңес құрамы
Ғылыми кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге қалыптастырылады. Оған ректор, проректорлар, декандар, бөлім басшылары, оқытушылар, студенттер және қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді. Кеңес құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Ғылыми хатшы
Құлтаева Шынар Мәлікқызы
PhD, қауымдастырылған профессор
Телефон:
8(727)2208103, 1179
e-mail:
sh.kultayeva@kazgasa.kz