KazGASA ғылыми-зерттеу зертханалары

Зертханалар

KazGASA құрылымында сәулет-құрылыс саласының негізгі бағыттарын қамтитын және қолданбалы зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін 27 ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

«FabLab» макет жасау шеберханасы

Сәулеттік идеяларды физикалық модельдерге айналдыратын заманауи кеңістік:

  • әртүрлі пішін мен конфигурациядағы ағаш макеттерді дайындау

  • академияның оқу және көрме мақсаттарына арналған прототиптер мен өнімдерді жасау

«Сейсмоплатформа» зертханасы

Сейсмикалық әсерлерге төзімділікті зерттеу орталығы:

  • макеттер мен құрылыс конструкцияларын сейсмикалық төзімділікке сынау

  • жобаланатын ғимараттардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында нысандардың жер сілкінісі кезіндегі параметрлері мен мінез-құлқын талдау

«Құрылыс геотехникасы» зертханасы

Ғимараттардың іргетасының тұрақтылығын ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету:

  • геотекстиль материалдарын созылуға сынау

  • топырақтың ығысуға, шөгуге және құрылыстың сенімділігіне әсер ететін басқа да физика-механикалық қасиеттерін зерттеу